$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2019, 17:41
Оқиғалар

«ҚазАгро» холдингінің топ-менеджері уақытша қамауға алынды

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайды

«ҚазАгро» холдингінің топ-менеджері уақытша қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесіне қатысты жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаға теңестірілген бола отырып, өз құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған. Ақтөбе облысындағы кепілдік мүлік - элеваторды сату/сатып алу келісім-шартын жасағаны үшін алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы «Интер-Агро» және «ИнтерАгроТрейд» ЖШС құрылтайшысы мен басшысына тиесілі бұрын келісілген 200 мың АҚШ долларынан 20 миллион теңгені иемденіп кеткен», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарламасында. 

Күдікті ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Холдинг өкіліне қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Серіктес жаңалықтары