Нұр-Сұлтанда 316 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
Қылмыстық іс тергеліп жатыр

Елордалық кәсіпорынның қызметкерлері 316 миллион теңгеден аса сомадағы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша елордалық акционерлік қоғамның бірінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Тергеу барысында АҚ мен басқа кәсіпорын арасында электр кабельдерін сынауға ъарналған екі электротехникалық зертхананы жеткізуге мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарттың жасалғаны анықталды. Аудиторлық тексеріс нәтижесінде аталған зертханалардың техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеуі бойынша заңбұзушылықтар табылды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 316 миллион теңгеден асады», - делінген хабарламада.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.