Төтенше жағдайлар министрі Атыраудағы қамыс өртіне қатысты жауап берді

Автор: Azattyq Rýhy

Министрдің айтуынша, қамыс өрті жақын арада сөндіріледі 

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде орман өрті былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейген. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторович мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Осы жылдың 9 айында еліміз бойынша 9 мыңнан аса өрт болды. Оның ішінде орман және дала өртіне келетін болсақ, үлкен көлемдегі, 50 гектардан асатын дала өрті БҚО-да тіркелді. Ал жалпы орман өрті былтырғы жылмен салыстырғанда 20 пайызға көбейген»,- деді Төтенше жағдайлар министрі. 

Айта кетерлігі, оның басым бөлігі Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелген.

«Ал Атыраудағы қамыс өртіне қатысты айтатын болсам, қауіп-қатер жоқ. Таралған түтін мен ауаны ластап жатқан өрт қысқа уақыт ішінде тоқтатылады», - деді министр.

Еске салайық, қазір Каспий маңында қамыс өртеніп жатыр. Түнде түтін Атырау облысына жеткен.

Сымбат Молдатай, Нұр-Сұлтан