12.10.2020, 00:44
Оқиғалар
Каспий жағалауында қамыс өртенді
Жалын шарпыған аймақтың көлемі анықталып жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Атырауда Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өртенді. Соның салдарынан бір көлік пен қайық жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«10 қазан күні Каспий жағалауындағы батпақты жерде шіріген шөп пен қамыс өртенді. Қазіргі таңда жалын шарпыған аймақтың көлемі анықталып жатыр. Өрт теңізге қарай өршіп барады. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ»,-деп жазылған хабарламада.
Өрт салдарынан «ВАЗ-21214» маркілі көлік пен «Фрегат» резина қайығы жанып кетті.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды