Жыл басынан бері интернетте балаларды өлімге итермелейтін 14 топ анықталды
Ішкі істер министрлігінде әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп отыратын департамент бар

Елімізде биыл жыл басынан бері әлеуметтік желіде жасөспірімдерді суицидке қимақ болған 14 топ анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Түркістан облысы Арыс қаласының тұрғыны осындай суицидтік ойындарға жетекшілік еткені үшін анықталып, ұсталды. Ол өзі құрған телеграм каналдарды пайдаланып, жасөспірімдерді өлімге шақырған. Қазір тергеу, тексеру жасалып жатыр», - деді ҚР ІІМ Криминалды полиция департаментінің аға жедел уәкілі Әлібек Оразалы.
Жедел уәкілдің айтуынша, әлеуметтік желідегі мұндай адамдарды ұстау оңай емес. Бүгінде ішкі істер министрлігінде ғаламтор, әлеуметтік желіге арнайы мониторинг жүргізіп отыратын тұтас департамент бар. Егер қандай да бір күдік туындаса әлгі топ яки парақша бұғатталады. Бірақ жаңалары да пайда болып жатады.