11.10.2020, 12:24
Оқиғалар
Қарағанды облысында тұрғын үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды
Оқиға орнынан 60 адам эвакуацияланды
Фото: баспасөз қызметінен
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында 5 қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Өрт сөндіру барысында пәтер иесінің денесі табылды. Өрт сөндірушілер 35 адамды құтқарды, 60 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«10 қазан күні сағат 23:11-де Шахтинск қаласында «Маркс көшесі, 44Г» мекенжайындағы 5 қабатты тұрғын үйде 4-қабаттағы бір бөлмелі пәтерде жалын 10 шаршы метр жерді шарпып, үй заттары, жиһаз және тұрмыстық техника жанып кетті», - деп жазылған хабарламада.
Тұрғын үйдің кіреберіс пәтерлерінен 35 адам құтқарылып, 60 адам эвакуацияланды.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы