$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2019, 09:05
Оқиғалар

Павлодарда қайтыс болған науқастың өліміне жақындары фельдшерді кінәлап отыр

Марқұмның туыстары бұл іске Денсаулық сақтау министрлігінің араласуын сұрап отыр

 

Павлодарда қайтыс болған науқастың өліміне жақындары фельдшерді кінәлап отыр
Фото: informburo.kz

Павлодарда өкпенің қабынуынан қайтыс болған тұрғынның өліміне марқұмнның жақындары жедел жәрдем фельдшерлерін кінәлап отыр. Олардың айтуынша, 53 жастағы ер адам үйінде дене қызуы көтеріліп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бірақ олар диагноз қоя алмады деп отыр.

Марқұмның қарындасы Жанар Аламанова ағасының өліміне ақ халаттыларды кінәлайды. Өйткені ыстығы көтеріліп, жедел жәрдем шақырғанда, фельдшерлер оған нақты диагноз қоя алмапты. Оның үстіне екі күн қатарынан жәдел жәрдем шақырған. Бірақ медицина қызметкерлері ауруханаға апарудан бас тарқан көрінеді.

«Неге ауруханаға апармайсыздар, неге ештеңе жасамайсыздар деп айтқанда, бізге басшыларымыз ұрсады. Біз тек қиын жағдайларда ғана апармыз деп айтқан. Бірақ, бұл жағдай өте қиын. Өйткені ентікпесі болып, әзер отырып, әзер тұрып жатқан кісіні. Қоған диагноздары ОРВИ деп қойды. Бірақ, онысы дұрыс емес», - дейді марқұмның қарындасы Жанар Аламанова.  

Екі күн ауырған науқас сол күні кешкісін үйінде жан тапсырған. Мәйітке сараптама жасаған мамандар, оның екі бірдей өкпесінің қабынғанын айтыпты. 

«Жедел жәрдемнің соңынан учаскелік дәрігер келген. Ол өкпесін естігінде бірден, пневмания деп, он күндік емдеу шараларын жазып, екі антибиотик жазып, укол қойды да, сосын направление берді. Егер одан да қатты ауырып жатса, жедел жәрдемді тағы да шақырарсыздар деді. Бірақ, ағам укол қойғаннан кейін кішкен жеңілдеп, антибиотиктің екінішісін қойғанша көз жұмды, - дейді марқұмның қарындасы Жанар Аламанова.  

Ал облыстық жедел медициналық көмек станциясының дәрігерлері науқастан өкпе қабынуы байқалмағанын айтады. Ал науқастың өзі емханаға барудан бас тартты деп отыр. Бұл іске байланысты арнайы комиссия құрылып, медицина қызметкерлерінің әрекетін тексерген. Бірақ дәрігерлер тарапынан қателік табылмапты. 

Алайда қапыдағы қазаға қабырғасы қайысқан марқұмның туыстары дәрігерлер қорытындысымен келіспейді. Олар бұл іске Денсаулық сақтау министрлігінің араласуын сұрап отыр. 

 

Серіктес жаңалықтары