$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2020, 16:15
Оқиғалар

Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Соңғы дерек бойынша, тәртіпсіздік нәтижесінде 686 адам зардап шеккен

Бішкектегі тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: bbc.com

6 қазан сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Бішкектегі тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен жалпы саны 686 адам медициналық мекемелерге жүгінген. Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24.kg хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 521 зардап шегуші амбулаториялық емделуге жіберілген. Әртүрлі деңгейде жарақат алған 164 адам ауруханаға жатқызылды, оның 7-уі жансақтау бөлімінде. 2001 жылы туған бір ер адам қайтыс болды.

  • Бішкектегі травматология және ортопедия ғылыми орталығы жалпы саны 313 адам жүгініп, оның 75-і ауруханаға жатқызылды, үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
  • Зардап шеккен 2115 адам Ұлттық госпитальге жүгінген, оның 58-і ауруханаға жатқызылды, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
  • № 1 қалалық клиникалық ауруханаға жарақат алған 30 адам жүгініп, оның жетеуі ауруханаға жатқызылды.
  • Шу облыстық ауруханасына 113 адам жүгінген: оның 102-сі амбулаториялық емделуге жіберілді, 11-і ауруханаға жатқызылды.
  • Ұлттық хирургиялық орталыққа 15 адам жеткізілген: оның екеуі амбулаториялық ем алуға жіберіліп, 13-і ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспегендер 5 қазанда Бішкек орталығында митинг өткізіп, кейінірек наразы топ парламент ғимаратын, Ақ үй, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына басып кірді. Сондай-ақ бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты абақтыдан босатып алған. Наразы топ астаналық әкімдік ғимаратын да басып алған.

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында болған көтерілісте бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли көршілес Қырғызстанда болып жатқан жағдайға пікір білдірді

Серіктес жаңалықтары