$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2020, 11:18
Оқиғалар

Атыраудағы 9 адамның өмірін қиған жол апаты: марқұмдардың жеке басы анықталды

Соқтығысқан көлікте болған азаматтар өзара туыс болып шықты

Атыраудағы 9 адамның өмірін қиған жол апаты: марқұмдардың жеке басы анықталды
Фото: azh.kz

Еске сала кетейік, 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Атырау – Ақтөбе бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, жол апатында қаза тапқан марқұмдардың жеке тұлғалары анықталды. Renault Duster көлігінде Доссордың тұрғындары - 57 жастағы жүргізуші, 55 жастағы әйелі мен 15 жасар ұлы және 36 жастағы туысы болған. Geely көлігінде 36 жастағы жүргізуші – қала маңындағы Томарлы ауылының тұрғыны, 67 жастағы әйел - Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылының тұрғыны және Атыраудың үш тұрғыны – 63 жастағы ер адам мен әйел, сонымен қатар 38 жастағы әйел отырған. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, олардың барлығы өзара туысқандар екен.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пікір білдірді.

Серіктес жаңалықтары