$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.10.2020, 21:03
Оқиғалар

Атырау облысында жол апатынан 9 адам көз жұмды

Сонымен қатар Павлодар облысында 4 адам мерт болды

Атырау облысында жол апатынан 9 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында жол апатынан 9 адам көз жұмды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгін 4 қазан күні Атырау облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, екі көліктің жүргізушісі, жолаушылар – барлығы 9 адам түгелдей көз жұмды. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың аты-жөндері анықталуда, оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - деп жазды министр.

Оның айтуынша, күндіз қайғылы жол-көлік оқиғасы Павлодар облысында да тіркелдген. Тасжолдың бойында ВАЗ-21041 автокөлігі мен МТЗ тракторының тіркемесі соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі және төрт жолаушы мерт болды. Ерлан Тұрғымбаев жол-көлік оқиғаларының 96%-і жүргізушілердің кінәсінен болатынын атап өтті.

«Патрульдік кезекшіліктер және бейнекамералар жоқ автожолдар мен тас жолдардарда жүргізушілер өрескел ереже бұзады. Нақтырақ айтқанда, жылдамдықты шамадан тыс арттырып, тыйым салынған және қауіпті аймақтарда алдыңғы көлікті басып озуға тырысады. Ал мұндай желігудің соңы көбіне қайғылы апатқа, орны толмас өкінішке ұрындырып жатады», - деп жазды Тұрғымбаев.  

ІІМ-нің статистикалық мәліметтері көлік жүргізу өтілі 1 жылдан төмен адамдарға жол-көлік оқиғаларының тек 1,8 %-і ғана тиетінін көрсетеді. Жол апаттарының басым бөлігі тәжірибелі жүргізушілердің тарапынан болады. Олар қауіпті тәуекелдерге саналы түрде барып, өздерінің ғана емес, басқа адамдардың өміріне де үлкен қатер төндіреді. Ішкі істер министрінің айтуынша, жол-көлік оқиғасының негізгі себептері қатарында жылдамдықты арттыру (33,1 %), маневр жасау ережелерін бұзу (17,7 %) және реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзу (7,6 %) тұрғанын айтты.

 

Серіктес жаңалықтары