04.10.2020, 13:09
Оқиғалар
Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Қайғылы оқиға 3 қазан күні сағат 21:10 шамасында болған
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысы Ақтоғай ауданында болған жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиға 3 қазан күні сағат 21:10 шамасында Ақтоғай – Шолақсор автожолының 63-ші шақырымында болған.
«ВАЗ-21041» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі 47 жастағы жүргізуші тізгіндеп келе жатқан «МТЗ» тракторының тіркемесіне қатты екпінмен келіп соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы аса ауыр жарақаттар алғандықтан, оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды