Ақтөбеде оқушылар төбелесіп, бір бала көз жұмды
Екі бала пышақ жарақатын алды
Ақтөбеде кәмелет жасқа толмаған балалар арасында төбелес болып біреуі көз жұмып, тағы екеуі пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.
«Төбелес кезінде бір бала көз жұмып, қалған екеуі пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта күдікті қолға түсті. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99 -бабы 2-тармағының 1, 7, 9, 14 бөлімдері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Оқиға 10 қараша күні болған. Мектептерде қазір ата-аналармен жиналыс өткізіліп жатыр.
«Ол 10 сынып оқушысы. Жақсы оқыды, спортпен шұғылданды. Төрт баланың үлкені. Үлгілі оқушымыз, суретті жақсы салды. 10 қараша күні кешкілік полиция балалардың жиналғанын хабарлады, аз уақыттан соң көз жұмғанын айтты. Төбелестің Заречный ауылында болғанын естідік», -деді мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанат Еркебаева.