$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.10.2020, 15:02
Оқиғалар

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Сирия жөніндегі келіссөздерді ұйымдастыруда пара алған

Ірі шенеунік пен оның сыбайластарына сот үкімі 21 қыркүйекте шыққан

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Сирия жөніндегі келіссөздерді ұйымдастыруда пара алған

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашаевтың ісіне байланысты жаңа деректер айтылды деп хабарлайды Atameken Business телеарнасы.

Белгілі болғандай, А.Қарашаев елімізде ірі халықаралық жиындарды өткізу кезінде бірнеше рет пара алған. Атап айтқанда, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының отырысын, ЕЭАО, Сирия жөніндегі Астана процесін ұйымдастырғанда жемқорлық қылмысын жасаған көрінеді.

Экс-жауапты хатшы барлығы 52 миллион теңге пара алған. Оның 7,4 миллион теңгесін ол сауналар мен мейрамханаларға жұмсаған. Сондай-ақ, оның осынау қылмысты жасауына тағы 4 адам көмектескен. Олар 2-5 жыл аралығында жаза арқаласа, Анарбек Қарашаевтың өзі екі жылға бас бостандығын шектеу үкімін алды.

Еске салайық, Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашаев биыл 2020 жылы сотталды. Оған алдымен бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылғанымен, сот барысында ол қызметін асыра пайдаланды деген бапқа ауыстырылды.

Серіктес жаңалықтары