27.09.2020, 22:50
Оқиғалар
Елордада карантин талаптарын бірнеше рет бұзған түнгі клуб әкімшісі қамауға алынды
Полиция қызметкерлері барғанда түнгі клубта 30-ға жуық адам болған
Фото: polisia.kz
Нұр-Сұлтанда түнгі клубтың әкімшісі карантинді бірнеше рет бұзғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі қызметкерлері «Алания» түнгі клубында карантиннің бұзылғанын анықтады. Полиция қызметкерлері түнгі клубқа барғанда, онда 30-ға жуық адам болған. Бұған дейін түнгі клубтың 25 жастағы әкімшісіне бірнеше рет ескерту жасалған. Соған қарамастан мекеме қызметін жалғастыра берген», - деп жазылған ақпаратта.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті азаматтарға ойын-сауық орындарында болу кезінде инфекция қаупі жоғары екенін ескертеді.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды