ШҚО-да квадроциклмен соқтығысқан жасөспірім көз жұмды

Квадроцикл жүргізушісі 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ШҚО-да квадроциклмен соқтығысқан жасөспірім көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында квадроциклмен соқтығысқан 15 жастағы мотоциклші көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Глубокое ауданында болған. Жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші мас күйінде квадроцикл тізгіндеген. 55 жастағы ер адам екінші дәрежелі жолдан бас жолға шыға бере мотоциклмен соқтығысқан. Орталық аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген кәмелеттік жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісі 26 қыркүйекте есін жимастан көз жұмды», - деп жазылған ақпаратта.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Квадроцикл жүргізушісі 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.