ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус анықталды

Шамалғанда жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті көпірі ашылды

Шамалған стансасында өткен жылдың 15 қыркүйегінде ірі жол апаты болған еді

Алматы облысы Шамалған стансасында болған жол апатынан кейін жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті көпірі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Шамалған стансасындағы айналма автокөлік жолы мен жаяу жүргіншілерге арналған аталған көпір өткелінің құрылысына жергілікті бюджеттен 364,5 млн теңге бөлінген.  

«Бір жыл ішінде жергілікті бюджеттен 360 млн теңгеден астам қаржы бөліп, жобасын дайындадық, сараптамадан өткізіп, осы нысанды салдық. Сонымен бірге бұл жерде көлік легінің көптігіне байланысты, біз «ҚазАвтоЖол» мекемесімен бірлесіп, айналма жол салу қажет деп шештік. Келесі жылдың күзінде ол нысан да дайын болады деп жоспарланып отыр», - деді ол облыс әкімі Амандық Баталов. 

«Балаларымды мектепке жіберген сайын алаңдап отырушы едім. Сондықтан бүгінгі көпірдің ашылуы мен үшін және осы ауылдың барлық тұрғындары үшін ерекше қуанышты оқиға. Індет кезінде де құрылысшылар жұмысты тоқтатпай, көпірді уәде етілген уақытта салып бітірді. Сол үшін баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын», - деді көпбалалы ана Оксана Сизова. 

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Алматы – Қостанай  бағытындағы пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысып, апат адам өлімімен аяқталған еді.