$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.09.2020, 12:52
Оқиғалар

Украинада қарулы қақтығысқа қатысқан қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты

2014-2016 жылдары Украинада болған азамат кінәсін толық мойындады

Украинада қарулы қақтығысқа қатысқан қазақстандыққа қатысты сот үкімі шықты
Көрнекі фото: ria.ru

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін кінәлі деп танылған О. есімді азаматқа қатысты қылмыстық істі қарау аяқталғанын хабарлады.

«Сот үкімімен О. есімді азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

Сотталушының 2014 жылдың қыркүйегінен 2016 жылға дейін Украина аумағында болып, өздерін Луганск халық республикасы мен Донецк халық республикасыдеп жариялаған күштердің әскери құрылымы жағында болып, Украинаның қарулы күштеріне қарсы қақтығыстарға және соғыс қимылдарына қасақана және заңсыз қатысқаны анықталды.

О. есімді азамат сотта кінәсін толық мойындады.

«Сот О. есімді азаматқа жаза тағайындау кезінде оның кінәсін мойындауы мен шын жүректен өкінуі, қылмыстық құқықбұзушылықты ашуға белсенді ықпал етуі, сондай-ақ соттылығының болмауын жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп таныды», - деп хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары