$ 540.18  628.93  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.09.2020, 21:51
Оқиғалар

Елордада мас күйінде балаларды соғып кеткен әйел сотталды

Айта кетерлігі, сотталушы жүктілік жағдайында және кәмелетке толмаған баласы бар

Елордада мас күйінде балаларды соғып кеткен әйел сотталды

Нұр-Сұлтанда кәмелетке толмаған екі бала мен бір ересек адамды қағып кеткен әйел сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сарыарқа ауданы №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айыпталушы Ерғазинаға қатысты айыптау үкімі 16 қыркүйекте шығарылды. 

«Сот балалардың зардап шегу дәрежесінің ауырлығын ескере отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жазаны тағайындады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ сотталушы көлік құралын басқару құқығынан 10 жыл мерзімге айырылды.

Іс сотқа ҚК-нің 345-1-бабы 2-бөлігі «жүргізушінің абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан масаң күйде ЖҚЕ бұзуы» бойынша келіп түсті.

Сот жарыссөзінде жәбірленушілер заң бойынша жаза тағайындауды сұрады. Ал қорғау тарапы бас бостандығынан айырмауды сұрады. Өйткені, сотталушы жүктілік жағдайында және кәмелетке толмаған баласы бар.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары