24.09.2020, 17:00
Оқиғалар
Алматыда жоғалған әйелдің денесі табылды
Әйел 9 қыркүйекте жоғалған
Алматыда 15 тәулік бұрын із-түзсіз жоғалған әйелдің мәйіті табылды. Оны қызметтік иттің көмегімен Ұлттық ұлан жауынгерлері өзен жағасынан анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Әйел 9 қыркүйекте жоғалған, ал оның денесі 23-і күні табылды. Іздестіруге 5571 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының жауынгерлері қатысты.
Сағат 16:30-да қатардағы жауынгер Бекаслан Жолдас пен Азамат Махан, сондай-ақ кинологиялық қызмет маманы ефрейтор Еркебұлан Өмірзақов жоғалған әйелдің табылуы мүмкін жерлерді аралап шыққан. Олармен бірге Найтс атты қызметтік ит те болған. Кинолог итке әйелдің жемпірін иіскетіп, іздеуге жіберген. Ит иіс ізімен жүріп, Бутаковка өзенінің арнасына апарған, мәйіт сол жерде табылды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
