$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 13:26
Оқиғалар

«Головлев-Кабдушев» қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты – ҰҚК

Жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқандар 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды

«Головлев-Кабдушев» қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты – ҰҚК
Фото: ҰҚК

Степногорск қалалық соты Ақмола облысының аумағында жарылғыш заттарды заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қылмыстық кәсіпті ұйымдастырған О.Головлёв пен Н.Кабдушев ҚР Қылмыс кодексінің 24-бабының 3-тармағы және 287-бабының 3-тармағы (қару-жарақ, оқ-дәрі жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау және өзімен алып жүру) бойынша айыпты деп танылып, оларды 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 20 қарашасында Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері «Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні» акционерлік қоғамының бөлімшелерінен ары қарай сатып пайда табу мақсатында жарылғыш заттарды ұрлауға қатысы бар деген күдікпен «Головлёв-Кабдушев» қылмыстық тобының мүшелерін ұстаған болатын.

Бұлар 2019 жылдың қазан-қараша айларында салмағы 52 кг «Петроген-П» жарылғыш заты мен 60 дана «Искра-Ш», «Коршун-М ДИН-Ш» электрсіз жарғыш құралдарын сатқан.

О.Головлёв пен Н.Кабдушевтің тұрғылықты мекендерін тінту барысында тағы да 100 келіден астам «Петроген-П», 7,5 килограмнан астам «Аммонит» жарылғыш заттары, сондай-ақ 382 дана капсюль-детонаторлар мен толқынды-соққы түтікшелерінің кесінділері табылған.

Серіктес жаңалықтары