17.09.2020, 17:16
Оқиғалар
Ақмола облысында алтын ұрлаумен айналысқан бірнеше қылмыстық топ әшкереленді
10 адам ұсталып, техникалық құралдар тәркіленді
Ішкі істер органы мен прокуратура қызметкерлері Ақмола облысындағы кәсіпорындардан шикізат ұрлаған бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Олар алдымен шикізатты жасырын шағын цехтарда өңдеп, содан соң елден шығарып отырған.
Арнайы операция барысында полицейлер ірі контрабанда жолын кесіп, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 10:00
Қосанов Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды
27.09.2026, 12:14
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі бойжеткен қамауға алынды (ВИДЕО)