$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2020, 11:31
Оқиғалар

Алматы облысында кішкентай қызымен бірге адасып кеткен ана аман-есен табылды

Олардың екеуі де аман, денсаулығына төнген қауіп жоқ

16 қыркүйек күні сағат 20:40-та Алматы облысы Ескелді ауданы Текелі қаласының маңындағы Чажа тауында екі адамның адасып кеткені туралы хабарлама түскен. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті осы жағдайға байланысты құтқарушылар жіберіп, үш сағаттан кейін адасқан 25 жастағы әйел мен 4 жастағы қызды аман-есен тапты.

«Екеуі де тірі және дені сау. Кейін белгілі болғандай, олар отбасымен – күйеуі, әйелі және олардың кішкентай қызы, сондай-ақ күйеуінің ағасы тауға аттанады. Қараңғы түскенде ерлерден сәл артта қалып қойған әйел қызымен бірге адасып кеткен. Олар үйлеріне жеткізілді», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру-құтқару жұмысына департаменттің 17 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары