Түркістан облысында жезөкше ұстайтын притон анықталды
Полицейлер притонда жеңгетайлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады
Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері республика көлемінде жүргізілген «Стоп-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақсукент ауылында орналасқан демалыс орындарының бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтап, жойды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притонда жеңгетайлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
Бұл жайт ҚР ҚК 309-бабы (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша СДТТБТ-да тіркелді.
«Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті төрт қызды ұстады. Олардың үшеуі Өзбекстан Республикасының азаматшалары болса, біреуі жергілікті тұрғын болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды», - дейді полицейлер.