$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 14:19
Оқиғалар

СҚО-да ауыл тұрғыны жедел жәрдем көлігін айдап әкетпек болды

Жыл басынан бері СҚО-да осыған ұқсас 67 факт тіркелген

СҚО-да ауыл тұрғыны жедел жәрдем көлігін айдап әкетпек болды

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында ауыл тұрғыны орталық аудандық аурухана қызметкерін ұрып, дәрігерлердің екі көлігін зақымдаған. Ол мас күйде аурухана ауласында тұрған жедел жәрдем көлігін айдап әкеткен. Алайда аула аумағында тұрған «ВАЗ 2121» қызметтік автокөлігіне соғылып, ұзап кетуге үлгермейді. Бұдан кейін ер адам келген жүргізушіні соққыға жыққан. Ер адамды шақырту бойынша келіп жеткен учаскелік полиция инспекторы ұстап алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.        

Есіл ауданы ПБ бастығы полиция подполковнигі Ерлік Есләмбековтің айтуынша, аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 3-бөлімімен «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша енгізілді. Бұдан бөлек, ауыл тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 3-бөлімімен «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттама толтырылды. Сотқа дейінгі тергеу заңбұзушының 20 тәулік әкімшілік қамау жазасын өтегеннен кейін жалғасатын болады. Жүргізушіні соққыға жығу фактісі бойынша процессуалдық шешім сот-медициналық сараптамасынан кейін қабылданатын болады.

«Автокөлікті құқыққа сыйымсыз иемденіп алу фактілері көп жағдайда масаң күйде жасалатынын атап өткен жөн. Біреудің көлігін иемденіп алу ниеті спирттік ішімдікті бірлесіп ішкеннен кейін пайда болып жатады. Автокөлік иелерін мүліктеріне сақтықпен қарап, көліктің оталдыру кілтін қалдырмауға, үйде бөтен адамдар болса, көзге көрінетін жерге қойып кетпеуге шақырамыз» - деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. –

Жалпы, жыл басынан бері СҚО-да ҚР ҚК 200-бабы бойынша 67 факт тіркелді.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары