$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.09.2020, 09:44
Оқиғалар

Елордада сумен жабдықтау желілерін зақымдаған ұйымдарға 5,5 млн теңге айыппұл салынды

8 көппәтерлі тұрғын үй кешені тұрғындарын сусыз қалдырғаны үшін «Электросеть» ЖШС-не 4,5 млн айыппұл салынды

Елордада сумен жабдықтау желілерін зақымдаған ұйымдарға 5,5 млн теңге айыппұл салынды
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде су құбыры желілеріне зақым келтірген мердігер ұйымдарға 5,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов мәлімдеді.

Мысалы, 8 қыркүйекте «Электросеть» ЖШС (тапсырыс беруші – «Asem tas Development» ЖШС) Тұран даңғылы қиылысындағы Керей Жәнібек хандар көшелерінің бойында сыртқы инженерлік су құбыры желілерін төсеу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде су құбыры желісіне зақым келтірген. Соның нәтижесінде, 8 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындары сусыз қалды. Ұйымға 4,5 млн теңге айыппұл салынды.

Бұдан бұрын, 24 тамызда Пушкин көшесінің бойындағы сумен жабдықтау инженерлік желілерінің құрылысы бойынша жұмысты орындау кезінде экскаватормен «ҚазГерСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы шойын су құбырын зақымдаған. Нәтижесінде, 3 тұрғын үй кешенін және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бір корпусын сумен қамтамасыз ету тоқтатылды. Айыппұл сомасы 900 мың теңгеден асты.

Әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алдағы уақытта осындай фактілер қайталанбас үшін бірқатар тапсырма берді. Желілердегі апат санын азайту үшін қала әкімдігі инженерлік желілерді цифрлауға көшті. Бұл инженерлік желілер жүктемесін және олардың бүгінгі жағдайын көруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қаланың 50%-ға жуығы цифрландырылды.

Серіктес жаңалықтары