$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.09.2020, 16:42
Оқиғалар

Бурабайдағы «IQanat» мектебінің басшылығы маскасыз түскен суретке қатысты түсініктеме берді

Мектеп басшылығы ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл төленетінін хабарлады

Бурабайдағы «IQanat» мектебінің басшылығы маскасыз түскен суретке қатысты түсініктеме берді

Бурабай ауданындағы мектептің ашылу рәсімінде мектеп оқушылары мен қонақтарда медициналық маскалардың болмау фактісіне қатысты аталған мектеп басшылығы түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бурабай ауданындағы «IQanat High School of Burabay» мектебінде суретке түсу кезінде басшылықтың медициналық маскасыз болғаны әлеуметтік желілерде жұртшылықтың шу көтеруіне себепші болды. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова аталған фактіге қатысты кінәлілердің жазаланатынын айтқан. Білім ордасының арнайы бекітілген барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтайтынын жеткізді. 

Мектепке қабылданар кезде барлық оқушы мектеп аумағындағы арнайы әзірленген орындарда оқшауландырылып, екі апталық қатаң карантинде болған. Сондай-ақ, мектеп оқушылары, оқытушылық және әкімшілік мектеп қызметкерлері құрамы мен олардың отбасы мүшелері де COVID-19-ға екі мәрте ПТР-тестілеуден өткізілген. Іс-шараға балалардың ата-аналары мен шектеулі ғана қонақтар шақыртылған. Іс-шара кезінде ересек қонақтар оқушылардан алшақ отырғызылды. Мектеп әкімшілігі суретке түсу үшін оқушылардың медициналық бетперделерін шешкенін түсіндірді.

Естеріңізге сала кетсек, Бурабайдың көрікті орындарының бірінде 10-11 сынып оқушыларына арналған «IQanat» білім беру қорының алғашқы орта мектебі ашылды. Жобаның мақсаты – еліміздің әр аймағындағы ауыл балаларының сапалы білім алуына ынталандыру және қолдау болып табылады.

Мектеп басшылығы түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін, маска режимінің бұзылу фактісімен ҚР заңнамасына сәйкес айыппұл төленетінін хабарлады.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары