12.09.2020, 12:25
Оқиғалар
Алматы облысында жоғалып кеткен 17 жастағы жігіт өлі табылды
Ол 30 тамыз күні жоғалып кеткен еді
Фото: polisia.kz
Алматы облысында жоғалған 17 жастағы жігіт өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«11 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының 45 жастағы тұрғыны полицияға Шелек ауылынан үш шақырым жердегі көл жағасынан жас жігіттің денесін тапқанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің хабар–ошарсыз кеткен 17 жастағы Равиль Абумуслимовқа тиесілі екенін анықтады», - деп жазылған ақпаратта.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Айта кету керек, Равиль 30 тамыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жоғалып кеткен.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)