12.09.2020, 10:58
Оқиғалар
Нұр-Сұлтанда екі баланы көлік қағып кетті
Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды
Фото: instagram.com/zhaloby_astana/
Нұр-Сұлтанда екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Kia маркалы көлігін айдап келе жатқан 1947 жылғы көлік жүргізушісі Бурабай көшесімен артқа қарай жүріп, кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға кезінде әйел адам 2019 жылғы және 2012 жылғы балаларымен тротуардан өтіп бара жатқан», - деп жазылған хабарламада.
7 жасар бала қалалық балалар ауруханасына жеткізілді, 2019 жылғы бала алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.
Көп оқылған
17.08.2026, 13:34
«Барни» үшін күйеуі соққыға жыққан»: Жамбылда 19 жастағы жүкті келіншектің өлімі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
17.08.2026, 09:42
Абай облысында қаны тоқтамай жатқан баланы полицейлер ауруханаға 12 минутта жеткізді
17.08.2026, 13:19
Астанада жас жігіт лифтіде тұрған қыз балаға тиісіп, артынан теуіп жіберген (ВИДЕО)