09.09.2020, 08:56
Оқиғалар
ШҚО-да KAZ Minerals фабрикасының құрылыс алаңында жұмысшы биіктен құлап мерт болды
Оқиға қас қарайған сәтте болған
Шығыс Қазақстан облысындағы KAZ Minerals фабрикасының құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген жұмысшы биіктен құлап қаза тапты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға Ақтоғай кенішіндегі кен байыту фабрикасында болған.
«7 қыркүйек күні кешкі сағат ондар шамасында құрылыс алаңында монтаждау жұмысымен айналысып жүрген жұмысшы биіктен құлап кетті. Ол алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген аталған хабарламада.
Қазіргі таңда оқиға орнында жұмыс тоқтатылған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізіп жатыр.
KAZ Minerals компаниялар тобының басшылығы қаза тапқан жұмысшының туған-туыстарына көңіл айтты.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды