08.11.2019, 13:25
Оқиғалар
Қарағанды облысындағы шахтада кенші қаза тапты
Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз
Фото: sputniknews.kz
Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында шахтер қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Арселормиттал Теміртау» АҚ қызметкерінің өлімін жазатайым оқиға деп атады. Компанияның баспасөз қызметі болған оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдар мен кәсіподақ ұйымы дереу хабардар етілгенін айтты.
Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
«Қайтыс болған азаматтың жақындарына шахта әкімшілігі мен кәсіподақ өкілдері болған жайтты хабарлады. Кәсіпорын жұмысы тоқтатылды», - деді компанияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аталған оқиғаны тергеу үшін мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі болды.
«Компания біздің әріптесіміздің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды