Қызылорда облысында төрт тұрғыннан 2 млн теңге алып, қашып кеткен әйел ұсталды
Әйел оларды жұмысқа орналастырып беретінін айтқан

Қызылорда облысы орталығының тұрғыны 2018-2019 жылдары Арал ауданының тұрғындарынан «жұмысқа орналастырып беремін» деген желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы екі миллион теңге алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алаяқтың арбауына ауылдың төрт тұрғыны түскен. Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Тергеу барысында күдікті әйел кінәсін толығымен мойындады», - деп жазылған ақпаратта.
Әйелдің іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.