$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2020, 17:41
Оқиғалар

1942 жылы хабарсыз кеткен қазақ сарбазын мойынтұмары арқылы анықтады

Ресейдің Тверь облысынан табылған марқұмның сүйегі туыстарына жеткізілді

1942 жылы хабарсыз кеткен қазақ сарбазын мойынтұмары арқылы анықтады
Фото: Қорғаныс министрлігі

1942 жылы майданға аттанған және бір жылдан кейін шайқастардың бірінде хабарсыз кеткен Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы Келіс Жиенбаевтың сүйегін қайта жерлеу рәсімі өтті.

Сарбаздың сүйегі Қазақстан әскери-әуе күштерінің әскери бортымен жеткізілді. Туыстарына жеткізілгеннен кейін, барлық әскери рәсімді сақтай отырып, сарбаздың сүйегі жер қойнына тапсырылды.

«Өткен жылы «Еске алу вахтасы» акциясы аясында Ресей Федерациясы Тверь облысы Зубцовск ауданының маңында жүргізілген іздестіру операциясы барысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан әскери қызметшінің сүйегі табылды. Сарбаздың мойынтұмарын сараптаудан өткізу кезінде оның жеке деректері анықталды. Қаза болған сарбаз Қызылорда облысы Арал ауданынан Қызыл әскер қатарына шақырылған Келіс Жиенбаев екені белгілі болды», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сарбаздың туыстарын табуға Мәскеу қалалық іздеу орталығы көмек берген.  

«Анам әрдайым әкесінің сүйектері табылып, туған жерінде жерленгенін армандайтын. Өкінішке қарай, бір жыл бұрын осы күнді көрместен дүниеден озды. Ал бүгін марқұм анамның арманы орындалды. Біз өте қуаныштымыз және ризамыз», - деді қайтыс болған сарбаздың немересі Мұхтар Қазбеков.

Серіктес жаңалықтары