25.08.2020, 19:21
Оқиғалар
Шекарашылар темекі өнімдерін заңсыз әкелушілердің жолын кесті – ҰҚК
Тауардың нарықтық құны 150 млн теңгеден асады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
25 тамызда қазақстандық шекарашылар Қазақстан аумағына темекі өнімдерін заңсыз әкелу фактісінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жамбыл облысының «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде Жамбыл облысы бойынша МКД ЭҚБ қызметкерлерімен бірлесіп тексеру барысында кептірілген жемістерді тасымалдайтын жүк автокөлігінде жасырылған акциздік маркасыз және тауарға ілеспе құжаты жоқ 522 000 қорап темекі бұйымдарын анықтады (тауардың нарықтық құны 150 млн теңгеден асады)», - делінген хабарламада.
Заңсыз тауар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне процессуалдық бағалау үшін берілді.
Көп оқылған
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
31.03.2026, 07:20
Шымкентте дәріхана жанындағы кабинеттерде 4 адам қайтыс болды
31.03.2026, 14:58
Тәттіге құмар: Өскеменде ер адам дүкеннен 80 қорап «Merci» шоколадын ұрлаған (ВИДЕО)
31.03.2026, 12:16
Қазақ ғалымы ойлап тапқан ракқа қарсы дәрінің бағасы қанша болады – министр жауап берді