27.08.2020, 14:22
Оқиғалар
Түркістан облысында 30-ға жуық адамды алдаған әйел сотталды
Оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды
Көрнекі фото: ашық дереккөзден
Естеріңізде болса, сәуір айының соңында Түркістан облысы полицейлері жұмысқа орналастырамын деп 30-ға жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстаған болатын. Егде жастағы азаматша ешқайда тіркелмеген мүгедек балаларды оңалту орталығына жұмысқа қабылдаймын деп алдап, әр адамнан 300 мың-700 мың теңге аралығында ақша алып кеткен. Осы жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Мақтаарал аудандық сотының үкімімен күдікті әйелге қатысты 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Көп оқылған
02.10.2026, 16:53
«Сотқа күйеуінен сұранбай келе ме?»: Данияр Кенжеұлы Роза коучты кезекті рет сынға алды
02.10.2026, 17:32
«Таспен қуып, өлтіремін деп қорқытты»: Алматыда ішіп алған ер адам бойжеткенге шабуыл жасады (ВИДЕО)