27.08.2020, 10:20
Оқиғалар
Ақтау қаласының 2 тұрғынынан есірткі мен тапанша тәркіленді
Тінту барысында 10 грамм «марихуана» есірткі заттары тәркіленді
Көрнекі фото: sputniknews.kz
Маңғыстау облысында полицейлер екі тұрғыннан есірткі мен тапанша тапты. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау қаласының екі тұрғынын ұстады. Оларды тінту кезінде жалпы салмағы 10 грамм «марихуана» есірткі заттары, жеті оғымен қоса тапанша (сырттай «Макаров» маркалы тапаншаға ұқсас) табылып, тәркіленді.
Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы және 287-бабы (Оқ-дәрілері бар қаруды және есірткі құралдарын заңсыз сатып алғаны, тасымалдағаны және сақтағаны үшін) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды