Қарасораны гүл құмыраларында өсірген Балқаш тұрғыны ұсталды
Сондай-ақ пәтерден салмағы 7,9 г. марихуана қоспасы сақталған қораптар табылды
Балқаш тұрғынының пәтерінде қарасора салынған гүл құмыралары табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
25 тамызда Балқаш қалалық полиция бөлімінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесіне «көпқабатты үйде орналасқан өз пәтерінде қала тұрғыны құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсірумен айналысады» деген ақпарат келіп түсті.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 30 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Оның пәтерінің балконынан полицейлер өсіру және өсіру іздері бар екі бұта өсімдігі бар екі гүл құмырасын тапты. Ал зал бөлмесінде жылыту батареясында олар екі пластикалық қорапты тапты, олардың ішінде ерекше иісі бар жасыл зат болды. Сондай-ақ, жылыту батареясының жанында «булбулятор» түріндегі пластикалық бөтелке болды»,- делінген хабарламада.
Сараптама көрсеткендей, бұл қораптарда салмағы 7,9 г темекі бар марихуана қоспасы сақталған. Кептірілген марихуана - 2,44 гр., гашиш - 4,66 гр. Сонымен қатар, қарасора өсімдігінің екі бұтасы табылды.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кету керек, жыл басынан бері Балқаш қаласының полиция бөлімінде 28 есірткі қылмысы тіркелген. Қылмыстық айналымнан 62 кг-ға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде марихуана – 50 кг астам, гашиш – 12 кг астам, героин – 3,5 кг.