26.08.2020, 10:51
Оқиғалар
Алматыға бағыт алған ұшаққа құс соғылып, шұғыл қонуға мәжбүр болды
Ұшаққа зақым келмеген
Фото: planetravel.ru
Елордадан Алматыға бағыт алған SCAT әуекомпаниясына тиесілі ұшаққа рейсті орындау кезінде құс соғылып, шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, DV 734 Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы рейстің қонуы штаттық режимде өткен.
«Рейсті орындау кезінде экипаж бөгде шуды естіп қалған. Ұшу кезінде қозғалтқыштың параметрлері абсолютті норманы көрсетті. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті», - деп хабарлайды.
Қонған ұшақты тексеру кезінде құсқа соғылғаны анықталған. Ұшаққа зақым келмеген. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр.
Көп оқылған
11.08.2026, 10:40
«Кінәсіз»: Қаскелеңде күйеуін пышақтап өлтірген жүкті әйел сот залында босап шықты
11.08.2026, 11:17
Ақмола облысының тас жолындағы сұмдық апат: екі адам қаза тауып, сегізі ауруханаға түсті
11.08.2026, 09:25
Боқтап, полицияға бағынбаған: БҚО-да жас жігіт бір айға жуық уақытын қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
11.08.2026, 16:31
«Жол бермеді» деп жүргізушіні ұрып жыққан: Алматыда жолдағы жанжал қылмыстық іске ұласты (ВИДЕО)
11.08.2026, 14:17
5 млн теңге алимент төлемеген: Астана тұрғыны екінші рет сотталды