$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2020, 09:33
Оқиғалар

Бір күнде COVID-19 белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды

26 тамызда коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Бір күнде COVID-19 белгілері бар пневмониядан 7 адам көз жұмды
Фото: ашық дерек көзінен

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Олардың арасында 49 бала бар. Стационарларда  4 786 науқас жатыр. 4 755 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 

Жалпы, науқастардың арасында 305 адамның хәлі нашар. Соның ішінде 56 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.  

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек:

Өткен тәулікте 781 жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 351 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1-26 тамыз аралығында:

Науқастар саны - 23 543, өлім жағдайлары - 263, барлығы 4 901 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары