Тағы үшеуі ауыр жарақат алды
Грузияда жолаушылары бар шағын автобус үлкен биіктіктен жартасқа құлады. Жол-көлік апаты салдарынан 17 адам қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі life.ru сайтына сілтеме жасап. Бұл – Грузия Ішкі істер министрлігінің ресми мәлімдемесі.
Оқиға Грузияның солтүстігіндегі Шатили ауылында болған. Бұған дейін хабарланғандай, автобус 80 метр биіктіктен құлаған.
Жергілікті БАҚ куәгерлерге сілтеме жасай отырып, микроавтобустың жоғары жылдамдықпен келе жатқанын, бос жеңіл көлікке соғылып, құздан құлағанын айтады. Жолаушылардың дені әйелдер болған. Сондай-ақ, Канада азаматының да көлікке мінгені белгілі болды.