24.08.2020, 10:34
Оқиғалар
Каспий жағалауында жанып кеткен қамыс енді бықсып тұр
Өрт шамамен, 4 гектар аумақты шарпыған
Атыраудан 20 шақырым жерде Каспий жағалауында өртенген қамыс енді бықсып тұр. Бұл қанша уақытқа созылатыны белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
Өрт алаңы шамамен, 4 гектарды құрады.
«Бүгін біздің қызметкерлер оқиға орнына барып, дронның көмегімен барлау жүргізді. Алапат өрт сөндірілді, енді қамыс бықсып тұр. Жер батпақты болғандықтан, техника ол жерден өте алмайды. Барлаудан кейін ол жерге барудың мүмкін емес екені анықталды»,-делінген ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында.
ТЖД сондай-ақ өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ екенін атап өтті.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр