$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.11.2019, 00:21
Оқиғалар

Алматыда 300-ге жуық адамды алдап онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Алаяқ негізінен, қала базарларындағы саудагерлерді сан соқтырып келген

Алматыда 300-ге жуық адамды алдап онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Алматыда онлайн несиемен айналысқан алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

32 жастағы әйел жұртты сендіріп, 269 адамды алдап соққан.

Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. Алаяқ негізінен қала базарларындағы саудагерлерді сан соқтырып келген. Яғни, қандай да бір тауарды сатып алу арқылы сатушылардың сеніміне кірген, кейін күдікті үшінші тарап арқылы несие рәсімдеп отырған.

Сатып алған тауары үшін «қолма-қол ақшам жоқ еді, карточка арқылы төлейін» деп сатушылардың банк карточкалары мен жеке куәліктері туралы мәліметтерді алған. Сөйтіп, солардың атынан онлайн несие ұйымдарынан ақша алған. Тіпті, саудагерлер танып қоймас үшін базарға әр келген сайын келбетін өзгертіп, шашын әр түрлі түске бояп алған.

Қазір күдікті ұсталып, тергеліп жатыр. Полиция департаменті ресми өкілінің айтуынша, күдікті бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған екен.

Серіктес жаңалықтары