Алматыда қоймадан шыққан өртті 50-ге жуық адам жабылып өшірді

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы қаласында құрылыс заттары сақталған қойма өртке оранды

Алматы қаласында құрылыс заттары сақталған қойма өртке оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

6 қараша күні сағат кешкі жеті жарымға таман Қарасай батыр мен Брусиловский көшелерінің қиылысындағы қоймалардан шыққан өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті күш жұмылдырды.  

Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар құрылыс заттары сақталған қойманың жанып жатқанын анықтап, дереу сөндіруге кіріскен. Қоймаға басқа нысандар тым жақын орналасқандықтан, өртті сөндіру қиынға соғыпты. Өрт орын алған қоймадан бір газ баллоны мен 20 литр жанғыш заты бар канистра шығарылған.

Өрт сөндірушілердің шұғыл жұмысының арқасында от қойма жанындағы тұрғын үй мен сауда бутиктеріне қарай өткен жоқ. Тілсіз жау 20 минутта сөндірілді. Оқиға орнына 48 құтқарушы, 10 техника бірлігі мен Полиция департаментінің «Боран» тобы жұмылдырылған.