19 жыл бұрын үш адамды өлтірген қылмыскер Бельгияда ұсталды

Жарияланған:
06.11.2019, 22:23

Оқиға 2000 жылы 8 сәуірде Арқалық қаласында болған

Осыдан 19 жыл бұрын Арқалық қаласында аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы журналистермен өткен кездесуде облыстық полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Департамент басшысының сөзінше, оқиға 2000 жылы 8 сәуірде Арқалық қаласында болған. 31 жастағы әйел үйінен 11 жасар ұлы мен тағы екі туысының өлі денесін тапқанын хабарлаған. Күдіктілер оларды атып өлтіріп, пәтерден 1 243 053 теңге және 2 500 АҚШ долларын алып кеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, аса ауыр қылмысты жасаған үш күдікті анықталды. 2000 жылы 19 сәуірде Арқалық қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған екеуі Арқалық қаласынан қашып кеткен болатын. Оларға халықаралық іздеу жарияланған еді. Кейін іздеуде жүрген күдіктілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын Ингушетия Республикасы мен Ресей Федерациясының Шешен Республикасы бағыты бойынша кесіп өткені анықталды. Олардың бірі Ресей азаматтығын заңсыз иемденіп алған, кейін Тверь облысында тағы да жеке мәліметтерін өзгерткен. Тек 2016 жылғы мамыр айында ол ұсталып, 8 жылға сотталды», - деді Бекет Аймағамбетов.

Қостанайлық полицейлер екінші күдіктінің Бельгия мемлекетінің шекарасында жүргені туралы ақпарат алды. Оның жалған мәліметтер арқылы «қашқын» мәртебесін алғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта ол қамауда. Енді елге қайтару мәселесі шешілуде.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Түркістанда дәрігердің кесірінен сау келіншек құрсақсыз қалды
Аягөзде газ баллоны жарылып, жеті адам зардап шекті
4 тәуліктен бері жоқ: Алматыда 11 жасар бала жоғалып кетті

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов