ШұғылЕлімізде бір тәулікте 36 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Ақтау тіс емханасындағы дау: дәрігер қамалды

Медициналық сараптама нәтижесінде, баланың денсаулығына жеңіл жарақат келгенін анықталған

Ақтауда баланы жұлқылаған тіс дәрігері қамауға алынды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Медициналық сараптама нәтижесінде, баланың денсаулығына жеңіл жарақат келгенін анықталған. 5 қарашада дәрігерге бұлтартпау шарасы тағайындалды. 

«Дәрігер өз кінәсін мойындады, біз оның әрекеттеріне қатысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды ескердік. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабына сәйкес, дәрігерді үш тәулікке қамау туралы шешім шығарылды. Ол бостандығын шектемеуді, тек айыппұл салуды сұрады», – деді Ақтау қалалық әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысов. 

Алайда судьяның айтуынша,  зардап шегушінің мүгедектігіне байланысты дәрігерге айыппұл салу жазасы келмейді екен. 

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде тіс дәрігерінің баланы жұлқылап жатқан видеосы тараған болатын. Кейінірек тіс дәрігерінің қазақстандықтардан және баланың туыстарынан кешірім сұраған видеоүндеуі жарияланды.