22.08.2020, 05:33
Оқиғалар
Павлодарда өрт шыққан пәтерден 2 бала құтқарылды
Олар терезе арқылы шығарылды
Фото: баспасөз қызметінен
Павлодарда өрт шыққан пәтерден 2 бала құтқарылды. Өрттің шығуына жоғарғы қабаттағы пәтердің балконынан ұшып түскен темекі тұқылы себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт орнына келген кезде №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде балалардың бар екенін анықтады. Қарауыл бастығының командасымен бөлімше командирлері баспалдақпен пәтерге көтеріліп, терезе арқылы 2014-2015 жылы туған екі ұлды шығарды», - деп жазылған хабарламада.
Балалардың анасы емізулі баласымен дүкенге кетіп, балаларды үйде жалғыз қалдырған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер келгенге дейін 25 адам өздігінен сыртқа шыққан.
Көп оқылған
18.11.2026, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
18.11.2026, 12:05
Астананың аспанынан доллар лақтырған Жақыпов пен Отыншиевтің қайда отырғаны белгілі болды
18.11.2026, 10:15
Қазақстанда іздеуде жүрген және наркологиялық есептегі 720 мың адам inDrive пен Yandex-те такси қызметін ұсынған
18.11.2026, 14:47
Қонаевта 6-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан екінші қабатына құлап, қаза тапты
Бүгін, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
18.11.2026, 21:42
Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға түсті
