$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.08.2020, 11:36
Оқиғалар

Түркістан облысында әйелін балтамен ұрған ер адам 11 жылға сотталды

Жәбірленуші әйелдің жағдайы қалыпты, ол екінші ота жасатуға дайындалып жатыр

Түркістан облысында әйелін балтамен ұрған ер адам 11 жылға сотталды
Көрнекі фото: polisia.kz

Түркістан облысында ер азаматтың әйелін балтамен ұрып, ауыр жарақаттағаны туралы ақпарат кеңінен таралып, қоғам арасында ұзақ талқыға түскен болатын. Бұл жағдай туралы Azattyq Rýhy бұған дейін де жазған еді. 

Еске сала кетейік, 27 сәуірде Келес аудандық полиция бөліміне учаскелік полиция инспекторынан хабарлама келіп түседі. Хабарламада таңғы сағат 9:40-та ауыр жарақат алған белгісіз бір әйелдің аудан көшелерінің бірінде жатқаны айтылады. Полицейлер бірден оқиға орнына барып, тексеру шараларына кіріскен. Куәгерлерден сұрақ-жауаптар алынған. Оқиға орнынан айғақ зат ретінде балта тәркіленді.

Ауыр жарақат алған әйел денсаулығына байланысты шағымдана алмаған соң, жәбірленушінің әпкесі полиция бөліміне келіп арызданды. Арызды полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 24, 99 баптары (адам өлтiруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі тіркеп, тергеу жүргізуді бастаған.

«Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті ретінде 2-3 сағаттан кейін зардап шеккен әйелдің күйеуі аудан көшелерінің бірінен ұсталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті мен әйелінің арасында отбасылық жанжал болған және бұл ерлі-зайыптылар арасындағы алғашқы кикілжің емес. Ал, дәл осы жағдайда күйеуі әйелін ұрып-соғып, артынан балтасын алып жүгірген. Сосын әйел қорыққанынан қаша жөнеледі, алайда күйеуі артынан қуып жетіп, қолындағы балтасымен өз әйелін аяусыз ұрып соққан. Бүгінгі таңда зардап шеккен әйел емханаға қаралып, тиісті отасы жасалды. Алайда бетіне тиген балтаның салдарынан бір көзі қатты зақымданып, бас жарақатын алған», - делінген хабарламада.

Қазір әйелдің жағдайы бірқалыпты, Шымкент қаласындағы туыстарының үйінде. Емханаға жатып, тағы да ота жасатуға дайындалуда. Осылайша,  Түркістан облысы Полиция департаменті Келес аудандық полиция бөлімінің тергеушілері күйеуінің соққысынан ауыр жарақаттанған әйелдің ісін тергеп-тексеріп, тиісті дәлелдемелерді жинақтап, істі сотқа жолдады. Түркістан облыстық сотының шешімімен күдікті 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары