$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.08.2020, 09:44
Оқиғалар

Қырғыз отбасы Қазақстаннан алған келінін ұрып-соғып, жертөледе қамап ұстаған

Күйеу жігіт бұған дейін де әйелін сабағаны үшін бір рет ажырасқан екен

Қырғыз отбасы Қазақстаннан алған келінін ұрып-соғып, жертөледе қамап ұстаған

Қырғызстанның Тоқмақ қаласында 19 жастағы келінді ұрып-соғып, оны жертөледе қамап ұстау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kaktus.media порталы.

Полицияға арызды қыздың әкесі жазған. Ол Қазақстаннан арнайы барып, зәбір көрген қызын алып кеткен.

«Ер адам кінәлілерді жауапқа тарту үшін күйеу баласының үстінен арыз түсірді. Ол бұған дейін де бір рет үйленіп ажырасқан, бірінші әйелін де ұрып-соққан», - делінген ақпараттық портал таратқан хабарламада.

Қыздың өзінің айтуынша, ол тұрмысқа былтыр қараша айында шыққан екен. Биыл 11 тамызда ол күйеуінен жиі қорлық көретінін айтып полицияға арыз түсіріпті. Ұрып-соққаннан бөлек, жертөлеге қамап тастайтынын да айтқан.

Анықталғаны, үйде болған әр ұрыстан кейін енесі келінді үйдің астындағы банка сақтайтын қараңғы қапасқа, яғни жертөлеге қамап тастауды әдетке айналдырыпты. Ондайда оған ас-ауқат та бермеген.

Қазіргі таңда Тоқмақ қаласының ішкі істер органдары ер азаматтың үстінен тергеу амалдарын бастап кетті. Сондай-ақ, келіннің енесінен де жауап алынған. Алайда, ол өзіне тағылған айыптармен келіспей отыр. Ал күйеуі қызғаныштан қол көтергенін мойындаған.

Серіктес жаңалықтары