$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.08.2020, 11:09
Оқиғалар

Түркістанда ауруханадан компьютер ұрлаған күдікті ұсталды

Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады

Түркістанда ауруханадан компьютер ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері ауруханадан компьютер ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Келтірілген шығын көлемі 230 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

«Ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел–тергеу тобы құрылып, барлық қажетті шаралар іске асырылды. Жедел уәкілдер бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде, ауруханаға тиесілі техникалық құралдарды жымқырған күдіктінің жеке басын анықтап, аудан көшелерінің бірінен бір сағат ішінде табады. Ол бұрын бірнеше рет сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында күдіктінің азық-түлік дүкендерінің бірінен өзіне қажетті заттар алып, компьютерді кепілге қойып кеткені анықталды. Айғақты заттар тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары