Алматы облысында кәсіпкерді айуандықпен өлтіріп кетті
51 жастағы тұрғынға бұған дейін де бірнеше рет қастандық жасалған екен

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Ащысай елдімекенінде қаскөйлер кәсіпкерді өлтіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Қылмыс 15 тамызда болған.
Ауыр пышақ жарақатын алған Нұрлан Ахметов Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұм 10 рет пышақталған.
Туыстарының айтуынша, Нұрлан Тасболатұлына осыған дейін де үш рет қастандық жасалған көрінеді. Қазір оны өлтіруі мүмкін деген күдіктілерді полиция іздеп жатыр. Ауыл тұрғындары айуандықпен кісі өлтіргендер әділ жазасын алсын дейді.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлімі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілерді қамауға алу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Жағдай жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының бақылауында», - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.