15.08.2020, 02:40
Оқиғалар
Атырауда полиция подполковнигі 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
Б. Досанов 1,5 млн. теңге көлемінде пара алды деп айыпталған
№2 қалалық соты жетінші тамыз күні Атырау облысы полиция департаментінің балық қорына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес бөлімінің бастығы Б. Досановқа үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Ақ Жайық»-қа сілтеме жасап.
Еске салайық, оның ісі 17 шілдеде сотқа жіберілді. Ал ол маусым айының соңында жеке тұқымды балықты аулаумен және сатумен айналысатын ЖШС директорынан 1,5 млн. теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.
Бұған дейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚІЖК 190-бабына («сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру») сәйкес, жеделдетілген тәртіппен аяқталған еді.
Сот Б. Досановты үш жарым жылға бас бостандығынан айырды.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
08.11.2026, 21:44
Әкесі қызын ернінен сүйген: Өскеменде елді дүрліктірген видеоға қатысты тексеру басталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды